«Ғаламтордағы махаббат». Виртуалды махаббатқа сенесіз бе? «Ашық көрсетілім»
Фильм режисері Әмір Қарақұловтың айтуынша, киноның түпкі идеясы интернеттегі өмірді картинаға түсіру туралы ойдан бастау алады. Фильм сюжеті бойынша түрі-әлпеті келіскен тәкаппарлау Эли өзіне көңіл білдіріп жүрген әріптесін елемей, интернетте танысқан жігітке ғашық болады. Түптің түбінде ғаламтордағы сұхбаттасының өз әріптесі екендігі белгілі болады. Басты рөлдерді Бибігүл Ақтан және Артур Смольянинов сомдайды.