«Жерұйық» фильмі. «Ашық көрсетілім»
Фильм режиссері – Сламбек Тауекел. «Жерұйық» – 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы, Үштөбе ауылында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы фильм. Туындының басты идеясы – Қазақстандағы көпұлттылықтың пайда болуын көрсету. Алғашында «Атажұрт» деп аталып, кейіннен «Жерұйық» болып өзерген бұл фильмнің сюжеті қасіретті жылдардың ауыр жағдайында ізгілік пен адамгершілікті алға қойған Қазақстан халқының достығын бейнелейді.