Дулыға Ақмолда: «Тұлғалық өсу тренингі» фильмі шынайы өмірден алынған. «Ашық көрсетілім»
«Тұлғалық өсу тренингі» – толықметражды көркем фильм. 2018 жылы Қазақфильм киностудиясы шығарған. Фильм жасы қырыққа келген, орта жас күйзелісін бастан кешіріп жүрген банк қызметкері Қанат туралы баяндайды. Ол – армандамайтын, өмірден ештеңені күтпейпін жан. Өзін және өмірлік ұстанымдарын жоғалтқан. Бірде Қанат тұлғалық қалыптасу – көшбасшылық қасиеттерді дамыту тренингіне барады. Коуч-тренер жетістікке қалай жету керек екенін және көшбасшы бола білудің әдістерін айтады. Көшбасшы болудың құпияларын бойына сіңіре келе, Қанат өзін және өмірге деген көзқарасын өзгертуге бекінеді. Алайда кейіпкердің өмірі ескі танысы Даниярдың пайда болуымен күрт өзгеріп кетеді.
Рөлдерде: • Қанат — Дулыға Ақмолда • Қанаттың анасы — Гүлжамал Қазақбаева • Данияр — Ержан Түсіпов • Миха — Филипп Волошин