90-шы жылдардағы қазақ киносы. «Ашық көрсетілім»
Бұл шығарылымда Ақан Сатаевтың «Рэкетир» фильмін талқылайтын боламыз. Тәуелсіздіктен кейін заманымыз да, адамдарымыз да өзгерді. Қиын 90-шы жылдардан кейін аман-есен аяқтарына тұрған жұртымыз басынан өткеніне көз салып, енді жаңа өмір ретімен өмір сүре бастады. Киномыз да өзгере бастады. Сол кинолардың арасынан сценарийі мен сапасы ерекше, бұрын-соңды айтылмаған тақырыптарды қозғап, көрерменге 90-шы жылғы оқиғаларды батыс кинематографиясының үлгісінде ұсынған алғашқы фильм Ақан Сатаевтың «Рэкетир» фильмі. Сол жылдардағы атмосфераны режиссер бере алды ма?
Сарапшылар:
1. Гүлзат Көбек, кинотанушы;
2. Мейірім Ерболатқызы, психолог;
3. Дәулетжан Махмут, драматург.