«Ғасырлар даналығы». Жамал Қарши
Жамал Қарши, Абу ул-Фазл ибн Мухаммед – орта ғасырлық тарихшы-ғалым. Әкесі Мұхамед Баласағүн қаласында туып, моңғол үстемдігі кезінде Алмалықтағы Шағатай ханға келіп қызмет еткен.
Жамал Қарши бала шағында Алмалық пен Қашғарда білім алып, араб, парсы әдебиетін терендете оқыған. Әкесімен бірге қанды тайпасының тарихи шежіресін, аңыз-әңтімелерін көп тындаған. Соның әсерімен Орта Азия кеңістігіндегі және Жетісу өңіріндегі тарихи-саяси уақиғаларды зерделеп, қағазға түсіріп отырған. Оның еңбектерін Мухаммед Хайдар Дулати ерекше бағалап, өзіне өнеге тұтқан.
Жамал Қаршидың негізгі еңбегінің бірі — "Мұхаммед ас-Сурах" ("Лұғатқа қосымша"). Тарихи әрі әдеби шығарманы жазудың орта ғасырлық тәсілі — "лұғат" түрінде баяндалған. Бұл еңбектің идеясын ол 10 ғ. ғұламаларының бірі — әл-Жауһаридің "Сахаха ал Жауһариынан" алған.
Жамал Қарши 1282 ж. "Сахаха әл-Жауһариді" араб тілінен парсы тіліне аударып, 1300 ж. оған "Қосымша" жазды. "Қосымша" аталғанымен, ол өз заманының көкейтесті мәселелерін, геосаяси, тарихи және мәдени өркендеу саласын, даңқты тұлғалардың ғұмырнамасын қамтыған көлемді шығарма еді. Әсіресе ол 3 тарихи кезенді — Қарахан әулетінің тарихын, қарақытай және найман дәуірін білікті сипаттауымен құнды. Ж.Қ. тек Жетісу өңірінің тарихын баяндаумен шектелмей, түркі әлеміне жарқын, жасампаздық із қалдырған тарихи тұлғалар, ойшыл ғалымдар — Үлұғбілгі, Камалилдин Сығнақи (Шайқы баба), Хисамелдин (құсам) Баршынлығи, Ғибатулла, Араб Баласағүни, т.б. туралы ғұмырнамалық деректер келтіреді.
Жамал Қаршидың бір ерекшелігі — кітаптарының тарауларын ежелгі қалалардың (Алмалық, Баласағүн, Қашғар, Ташкент, Баршынкент, Жент, Жанкент, Сығанақ, Сауран, Талас, Сайран, Отырар) атымен атап отырады.