«Ғасырлар даналығы». Пәлсапашы, астроном Ибн Сина
Ибн Сина – батыс елдерінде «Авиценна» атымен белгілі ғалым, пәлсапашы, астроном.
Толық аты-жөні – Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина. Ол өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, 456-ге жуық еңбек жазған. Бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті. Ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиясымен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацевт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.