«Ғасырлар даналығы». Ұлықбек – астрономиямен айналысқан ұлы ханзада
Ұлықбектің шын есімі – Мұхаммед-Тарағай. Әмір Темірдің немересі. Ол ата жолын қумады. Ғұмырын ғылымға, яғни астрономияға арнады. Ұлықбек 10 жасында билеуші мансабын бастайды. Елдегі ілім-білімнің дамуына зор көңіл бөліп, Бұхара мен Самарқандта мектеп-медресе салды.