«Бейне». ММА спортының бүгіні мен ертеңі
Тәуелсіз Қазақстанның спорт саласында 30 жылда жеткен толағай жетістіктері туралы «Бейне» бағдарламасының алғашқы шығарылымында сөз болады. Қазіргі таңда еліміз дәстүрлі спорт түрлерімен қатар, аралас ұрыс өнері немесе ММА-ді дамытып келе жатыр. Халықтың ережесіз жекпе-жекке қызығушылығы артқан сайын, спорттың бұл түрін қаржыландыратын меценаттар саны да көбейген. ММА Қазақстанда қашан пайда болды? Бұл спорт түрінің ерекшелігі неде? Қазақстанда ММА-дің даму жолында кездесетін кедергілер. «Бейнеден» көріңіздер!