Әділхан Нышанәліұлы: Табыс, футбол және алғашқы махаббат туралы. «Comedy teens»
Бағдарламаның бүгінгі қонағы жас футболшы Әділхан Нышанәләұлы. Әділхан футбол ойнағанды жақсы көреді. Әлемге танымал футболшыларға еліктеп өсіп келеді. Болашақта Қазақстанның мақтанышы болатын футболшы болуды армандайды. Сондай-ақ, ол өзінің алғашқы махаббаты туралы сөз қозғады. Қашан және қалай ғашық болғанын еске алды. Бала махаббат пен болашақ арман туралы қызықты сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.