Шұбаттың пайдасы. «Денсаулық философиясы»
Шұбат сусыны қазақ аспаздығында кеңiнен қолданылады, түйенің сүтін ашыту арқылы дайындалады. Өзiнiң биологиялық құрамы бойынша тек қана нәрлi және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С витаминдерiнiң көзi. Мысалы, В1, В2 витаминдерi бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып түседi. Шұбаттың бiр литрi адам организмінің С витаминiне және рибофлавинiне тәулiктiк қажеттiлiгiн қанағаттандыра алады. Шұбат айранға қарағанда май, ақуыз, кейбiр минералды заттарға, витаминдерге өте бай.
Бағдарламаға қатысушылар: Талшын Артыққызы, нутрицолог- биомедицина магистрі Өтеміс Мақанов, малшы