Травматология және ортопедия. «Денсаулық философиясы»
«Қолдан келгеннің бәрін адамдарға беру» - Қазақстандағы бірінші және жалғыз травматология және ортопедия институты өмір сүретін және жұмыс істейтін негізгі заң. Бүгін оған Қазақстанның бас травматологы, профессор Нұрлан Батпеновтың есімі берілді. Еліміздің жетекші институтында бүгінде бірегей операциялар жүргізіліп, отандық эндопротездеу дамуда. Бағдарлама қатысушылары: Олжас Бекарысов - директор; Арман Батпен - директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары; Нығмет Нұрсалов - жедел жарақат хирургі; Әсет Нұрахметов - травмотолог; Ғалия Жанаспаева - реабелитолог