Роботты неден және қалай құрастырады? «DIY»
Қазіргі таңда дүниежүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауда. Робототехника механика және жаңа технологиялар проблемасын жасанды интеллект проблемаларымен ұштастырады.
Бүгінде робототехника бойынша конкурстар, сайыстар өткізіліп, оқушылар бір-бірімен ғылыми-техникалық идеялар, техникалық ақпарат және инженерлік білімдерімен алмасуда. Осы орайда Робототехника және инженерлік математика мұғалімі Жұлдыз Қабиден роботтың неден және қалай құрастырылатыны туралы айтып берді.