Трендтегі тақияны тігіп үйренеміз. «DIY»
Ертеректе халық киімдерінің ең мәнерлісі саналған әйелдердің бас киімдерінің ішіндегі тақияның орны ерекше болған. Тарихқа үңілер болсақ, XVIII ғасырда сәнге айналған тақияны бұрындары кию міндетті саналмаса да тұрмысқа шықпаған қыздар киген. Тақияның шеттері ақ тиіннің, сусар мен бұлғының үлбірімен көмкерілген, күміс және алтын әшекеймен сәнделіпті. Одан кейін тақияны тек ер адамдардың ғана киіп жүргенін білеміз. Ер адамдардың тақиясында моншақ, ақша, әшекейлер болмайды.
Ал соңғы кездері әлеуметтік желі арқылы әшекеймен көмкерілген, қазақтың ұлттық оюларымен зерделенген тақиялардың жарнамасын жиі байқап жүрміз. Қыздардың бүгінгі трендтегі осы дүниеге деген қызығушылығы күн сайын артып келеді.
«DIY» бағдарламасының бұл шығарылымында трендтегі сәнді тақияларды тігіп үйренеміз.