Баспана мәселесі және қаржылық сауаттылық. «Freshman»
«Өз үйім – өлең төсегім». Өкінішке қарай, біздің елде барлығы «өз үйімді таптым» деп мақтана алмайды. Бүгінде баспанаға мұқтаж ретінде тіркелген қазақстандықтардың саны жарты миллионға жетті. Бұл тек кезекте тұрғандары ғана. Көбіне пәтер алу оңай шаруа емес, әсіресе жастар үшін. «Freshman» бағдарламасының алғашқы шығарылымы баспана мәселесінен бөлек, микрокредит, жастар арасындағы жұмыссыздықтың салдары секілді өзекті проблемаларға арналады.