Табиғатты қорғау – болашақты ойлау. «Freshman»

Полиэтилен пакеттер мен пластик ыдыстардың зияны сонша, оның молекулалары ана сүтінен табылып жатыр. Экобелсенділердің сөзінше, жүргізілген зерттеулер осындай нәтиже берген. Яғни әйел адам ағзасына полиэтилен ыдыстар пайдаланған жағдайда зиянды заттар енеді екен. «Бұл өте қауіпті», - дейді мамандар.

Табиғат қорғау дегеніміз – табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, бүліну, ластану жолдарынан сақтау және қорғауды жүзеге асыру. Бұл бағдарламада елімізде тұрақты түрде өтетін табиғат қорғауға бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар мен акциялар сөз болады. Жалпы табиғаттың ластануы жайында әңгіме өрбиді.

Спикерлер:

1. Айнұр Сейілхан, эколог;

2. Мөлдір Бегімбет, эко-блогер;

3. Салтанат Жайлаубаева, «Eco Fund Tabigat» қоғамдық қоры басшысының орынбасары;

4. Гулшахра Сансызбаева, журналист.