«Astana Musical» мюзикл театры. «Кино. Театр»

«Astana Musical» – еліміздегі тұңғыш мамандандырылған мюзикл театры. Елордалық театр замануи бағыттарға негізделіп, отандық мюзиклдердің бірегей репертуарының орталығына айналды. Мюзикл қойылымдарында Шалқарова Жарқынай, Мұқашев Саламат, Ризабекова Инабат, Игілік Оразалы, Усманов Расул сынды белгілі әртістер өнер көрсетеді.