Алматы — шығармашылық ортаның алтын қазығы. «Іздер мен біздер»
Алматы – Қазақстанның мәдени астанасы. Қаладағы мәдениет орындары бұған дәлел бола алады. Мұнда ескерткіш, музей, мұражай-үйлерді көптеп кездестіре аласыз. Алматыға келіп, мәдени орындарды аралаған адам Қазақстанның тарихына аз ғана уақытқа саяхат жасай алады. Назарларыңызға қаладағы ерекше музейлерді ұсынамыз. Сіз де бізбен бірге саяхат жасаңыз.