Корей музыкалық комедия театрының 90-шы маусымы. «Хронограф-2021»
Өнер бір орында тұрақтап қалмайды. Ол да заман өзгерген сайын түрленіп, жаңашаланып, жаңғырып отырады. Көрермендерінің жүрегіне осылайша жол табатын театр өнері, өнердің ең биігі десек артық айтпағанымыз. Сахнадағы шынайылық әрбір актердің жетістігі, жеңісі.... Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры да дәл солай заманнан заманға , ұрпақтан ұрпаққа бабалар аманатын арқалап, өнердің ғұмырын жалғап келеді. Бүгінгі күні өнер шаңырағында бесінші буын актерлері қызмет етуде. Бір ғасырға жуық тарихы бар театрдың жаңалығы да жаңашылдығы да көрермендердің назарына ұсынылған. Бағдарлама қатысушылары: Любовь Ни, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының директоры; Әлішер Махпиров, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының актері; Георгий КАН, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының әдебиет бөлімі меңгерушісі; Болат Әбділманов, ҚР Еңбек сіңірген артисі; Тоқжан Молдалім, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры балетінің артисі; Лариса Ким, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының бас балетмейстері; Зоя Ким, ҚР Еңбек сіңірген артисі; Антонина Пяк, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса; Олег Ли, ҚР Еңбек сіңірген мәдени қайраткері