ҚР Мемлекеттік орталық музейі – тарих тағылым кеңістігі. «Хронограф-2021»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азия аумағына танымал, бірегей әрі көне музейлердің бірі. Оның қоры 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтарынан тұрады. Қазіргі таңда музейде тұрақты жеті экспозициялық зал жұмыс істейді, түрлі мазмұндағы коллекциялар көрерменге Қазақстанның байырғы палеонтологиясы, ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заманғы тарихы мен мәдени мұрасы жайлы толыққанды мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Жалпы музей экспозициясы қазақтардың бүкіл тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі «музейлендірілген» моделі болып есептеледі.
Бағдарламаға қатысушылар:
Нұрсан Әлімбай - ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры
Бибіфатима Бағдәулетова - ҚР Мемлекеттік орталық музейі экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі
Нәбира Төрежанова - ҚР Мемлекеттік орталық музейі археология бөлімінің жетекшісі
Дулат Бүркітбаев - ҚР Мемлекеттік орталық музейі экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің маманы