«Кинокафе». Режиссер Ернар Нұрғалиев

«Кинокафе». Ернар Нұрғалиев бірнеше кино мен телесериалдардың режиссері. Ол түсірген туындылар көрерменнің көңілінен шығып жүр. Алайда режиссердің жанына еңбектерінің ішінен «Өгей жүрек», «Зәуре», «Сүйе білсең» туындылары жақын көрінеді.
Қызығы, режиссер ретінде Ернар фильмге актер-актрисаларды өзі таңдайтын
көрінеді. Жақын арада Ернар Баян Есентаевамен «Махаббат станциясының» жалғасын түсіргелі жатыр екен. Иә, режиссер Т.Теменов түсірген аталмыш фильм әлі күнге көрерменге ыстық. Алайда Ернар «Махаббат станциясының» жалғасын тура сол «әдемі» күйінде халыққа жеткізе ала ма? Бағдарлама барысында Ернар бұл сұраққа жауап берді.