«Кинокафе». Әбілқайыр Жарасқан

Композитор, музыкант Әбілқайыр Жарасқан «Кинокафеге» келді. Бала кезінде алғаш атасының арқасында домбыра тартып үйренген жігіт бүгінде 26 аспаптың құлағында еркін ойнайды. Тек ұлттық аспаптар ғана емес, әр елдің аспаптарын еркін меңгерген. Ал әртүрлі аспаптарды гастрольдік сапар кезінде арнайы жинаған көрінеді. Әбілқайыр елге танылып келе жатқан үздік жас композиторлардың қатарында. Қазір көптеген киноларға музыка жазып жүр. Әбілқайырдың алда жоспары көп. Алдағы күндері ол көрермендеріне жаңа хит әндер мен музыкалар ұсынбақ.