Кинокафе. Жазушы, драматург Смағұл Елубай

Белгілі жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай мектепте оқып жүргеннен-ақ проза жазып, мерзімді басылымдарға шығып тұрған. Кейін ол журналистика мамандығын тәмамдап, қызмет еткен. Ал 1974-1975 жылдары кино комитетінде редактор болып, Мәскеуде режиссерлар мен сценарийшілер дайындайтын 2 жылдық оқуда оқиды. Содан бері 40 жылдай өмірін «Қазақфильмде» өткізген.
Смағұл Елубай бірнеше фильмнің сценарий авторы. Қазір көпшілікке таныс «Оазис» фильмінің сценарийін де С.Елубай жазған. Жақында көрермендер автор жазған «Бала ғашық» фильмін тамашаламақ. Және ерекше айта кететін жайт, Елбасы С.Елубайға «Қасым хан» фильмінің сценарийін жазуды тапсырды.