«Кинокафе». Дінмұхамед Әкімов: киноға келуі, актерлік тәжірибесі

Дінмұхамед Тілеулесұлы Әкімов – киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. 1968 жылы «Қазақфильм» киностудиясы жанындағы актерлік студиясын, 1974 жылы Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. Әкімов кинода 100-ге жуық рольді сомдады. Атап айтсақ, «Қош бол, Медеу!», «Адамды қарсы алыңдар», «Ауылым Алатаудың баурайында», «Бейбарыс сұлтан», «Қайсар», «Отырардың күйреуі», «Мой дом на зеленых холмах», т.б. фильмдерге түсті. Алыс-жақын шетел фильмдеріне де қатысып жүр. Қазір Дінмұхамед Әкімов режиссермен және кинопродюсерлік қызметпен шұғылданады.