«Ел Арна» телеарнасы – отандық киноның отауы

Киноның қоғамда алар орны ерекше. «Сондықтан тәулігіне 24 сағат бойы әртүрлі жанрдағы отандық киноларды көрсететін «Ел Арна» арнасының іске қосылуы заңды», – дейді еліміздің белгілі киноматографистері. Олардың пікірінше, «Ел Арна» киногерлер мен көрермендер арасындағы алтын көпір.
«Ел Арнаның» тағы бір миссиясы - жас киногерлерге қолдау көрсету. Олардың дебюттық жұмысын көрерменге паш ету. Бұл ретте телеарна Астананың 20 жылдығына орай 2 байқау жариялап отыр. Олардың бірі қысқаметражды ойын фильмдері байқауы. Мақсаты - қазақстандық режиссерлер мен сценаристердің, продюсерлердің жұмыстарын кең аудиторияға тарату және көрермендерді қысқаметр жанрымен таныстыру. Жұмыстар мамыр айының 31-іне дейін қабылданады. Байқауға жіберілген фильмдерді «Ел Арна» арнасының көркемдік кеңес мүшелері және арнайы құрылған қазылар алқасы іріктеуден өткізеді.