Режиссер Мәжит Бегалиннің еңбектері
Мәжит Сапарғалиұлы Бегалин (22 ақпан 1922, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең а. - 5 мамыр 1978, Мәскеу) -кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966).
1948 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген.
1950 - 1978 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында режисер болып, өз замандастары туралы "Бұл Шұғылада болған еді" (1955), "Жерге қайта М.Бегалинның оралуы" (1959), "Тұлпардың ізі" (1964) көркем фильмдерді қойды.
Ш. Уәлиханов туралы "Оның күні туады" (1957), Б. Момышұлы жайында "Артымызда Мәскеу" сценарий авторы (1967).
1968 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өткен Орта Азия мен Қазақстан кино өнері байқауының бас жүлдесі мен 1- дәрежелі дипломы иегері.
М. Мәметова туралы "Мәншүк туралы баллада" (1969) секілді тарихи-ғұмырнамалық фильмі Бегалиннің режиссерлік шеберлігін танытты.
1970 ж. Минск қаласында өткен Бүкілодақтық кинобәйгедегі КСРО Қорғаныс минстрлігінің бас жүлдесі иегері.
Ресми шығармашылығы туралы "Мажит Бегалин" атты деректі фильм (1981) түсірілген.
Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған.