Кеңес Нұрлановтың кино әлеміне деген шексіз махаббаты
Кеңес Нұрланов (1962 жылы 1 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында туған) — актер. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2012). Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1996). 2006 жылы Ерен еңбегі үшін медалі, 2012 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
М. Әуезов «Айман-Шолпан» – қортық шал, «Қарагөз» – Нарша, «Еңлік-Кебекте» – Кебек, «Абай» – Әбдірахман, Керім, Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Қозы, Қодар, «Ақан сері-Ақтоқты» – Балта, М. Мақатаев «Қош махаббат» – Қасым, Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» – Ганефельд, С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» – Бүркіт, Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейнесі» – Құмар, Қ. Гоцци «Турандот ханшайым» – Калаф, С. Торайғыров «Қамар сұлу» – Ахмет, Ш. Айтматов «Ақ кеме» – Момын шал, Ә. Нүрпейісов «Қан мен тер» – Құдайменде, О. Бөкей «Құлыным менің» – Қаражан, М. Шаханов «Көкейтесті» – Шоқан, Э. Хушвақтов «Қызыл алма» – Оразбай, А. Цагарели «Гамарджоба» – Акоп, Қ. Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» – Әмір, И. Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Амадей, М. Фриш «Дон Жуанның думаны» – Дон Диего, Е. Жуасбек «Терең тамырлар» – Асқар, У. Шекспир «Гамлет» – Полоний, Қ. Шаңғытбаев, Қ. Байсейітов «Қыздар-ай» – Әбдіқадыр, Ш. Мұртаза «Бір кем дүние» – молда, Қ. Жиенбай «Таңғажайып планета» – Уәли, Ж. Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д’арк» – Архиепископ, Д. Рамазан «Абылай ханның арманы» – Князь уван ураков, Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – шеф, С. Мұқанов, Ш. Уәлиханов «Шоқан» – Мұса Шорманов, т.б. көптеген рөлдері бар.