XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі

Қызыл кілем, төрткүл дүниенің танымал киножұлдыздары және ең үздік фильмдердің көрсетілімі. Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі – бұл еліміздің кино индустриясындағы ең маңызды оқиға. Айтулы шараның тарихы 1998 жылдан бастау алады. Ол алғаш рет ТМД және Балтика елдері фильмдерінің форумы ретінде өткізілген болатын.14-ші Халықаралық кинофестиваль 2018 жылғы шілденің 1-і мен 7-сі аралығында Астананың 20 жылдық мерейтойына орай елорда төрінде өтеді. Ауқымды шараға франциялық актер Венсан Кассель, Канн фестивалінде үздік актриса атағын алған Самал Еслямова, серб кинорежиссері жəне актері Эмир Кустурица, «Оскар» жүлдесінің иегері режиссер-монтажер Габриэлла Кристиани, танымал актриса Леа Сейду жəне көптеген басқа да киногерлер қатысады деп күтілуде.