Ақерке Бүркітбай өз кейіпкерінің прототипін іздеп, сұхбат құрған
Ол – аққу мойын, сұлу мүсін, аққұба өңді ару. Ол сыңғырлаған күміс күлкісімен айырықша нұрға бөлейтін, ажары көзге оқтай қадалатын, қазақтың қылықты қызы, әнші, қобызшы, актриса – Ақерке Бүркітбай.Оның кинодағы ауқымды жұмыстарының бірі ретінде «Қазақ вальсінің патшасы» Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Ән – Аға» тарихи драмасын атап өтуге болады.
Сондай-ақ ол Ілияс Есенберлиннің шығармасының желісі бойынша түсірілген «Ғашықтар» телехикаясы. Бұл туындыда да актриса -ай десе аузы, күн десе көзі бар, сұлу бойжеткен ретіндегі сиқырлы тылсым иесі,бір көргеннен ғашық қылатын ғажайып әлем, яғни, өнер адамының музасының ролін ойнайды.