Әдебиет әлемінің Әкімі
Заманының заңғар тұлғасы, көзі тірі классик. Оқырмандары оны осылай атайды. Әдебиет әлемінің Әкімі, кинодраматургияның алыбы Әкім Таразидің шығармалары ешбір жанды бей-жай қалдырмасы анық. Бүгінде 85 жасқа толып отырған қаламына адал қаламгер: «Менің әдебиетке келуім етікшімен байланысты болды», - деп қалжыңдайды.