Махаббаттың құны қанша? /Айдос Сағатов/
Ол бала кезінен музыкаға құштар болды. Жүректерге жол тапқан қайталанбас туындылар жазды.
Ол – 25 жыл бойы тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп келе жатқан әйгілі «Үркер» тобының мүшесі.
Талантты композитор Айдос Сағатовтың тек ән әлемінде ғана емес, сонымен қатар отандық киноиндустриядағы да еңбегі оразан зор. Ол «Оралман», «Дала экспресі» сынды картиналар мен бірнеше телехикаяның музыкасын жазған.
Айдос Сағатов Дәрежан Өмірбаевтың «Шұға» фильміне де қатысты. Бірақ бұл картинада ол композитор емес, актер ретінде жұмыс істеді. Лев Толстойдың «Анна Каренина» атты әйгілі романының экспериметтік нұсқасы саналатын аталмыш фильмде қазақтың «Вронскийін» сомдады.
Сондағы Шұға «Бұл өмірде барлық нәрсенің бағасы бар. Сонда махаббаттың құны қандай, қанша?» деген сауал тастағанда, Айдостың кейіпкері «Білмеймін» деп қысқа қайырады.
Ал Айдос Сағатовтың өзі бұл сұраққа қалай жауап берер екен? Оны «Ел Арна» дайындаған киножурналдан көре аласыздар!