Актриса Динара Чочунбаева: Мен киноға кездейсоқ келген жанмын
Заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» повесінің желісімен түсірілетін «Мен Тянь Шань» фильміне актерлерді іріктеу мақсатында режиссер Ирина Поплавская Қырғызстанға келеді. Көркіне көз тоймас арулардың арасынан топ жарып, Динара Чочунбаева басты кейіпкерлердің бірі Әселдің рөліне бекітіледі. Осылайша Динараның актриса ретіндегі дебюті «Киноға түскің келе ме?» деген қарапайым ғана сұрақтан басталды.
«Мен өзімді актрисамын деп санамаймын. Киноға кездейсоқ келген жанмын», – дейтін ол басқа құрбылары сынды танымал әртіс немесе модель болуды армандаған жоқ. Оның жүрек қалауы бейнелеу өнері еді. Дегенмен ол қай жолды таңдаса да, белгісіз бір күш оны таңғажайып кино әлеміне жетелейтіндей көрінді.