Әмина Өмірзақова сомдаған Тана – барша қазақ аналарының бейнесі. «Тақиялы періште»
Есімі елге қадірлі қазақ қыздарының құрметіне!
Әмина Өмірзақова дегенде үлкен көздері күлімдеп, маңайындағыларға шуақ нұрын шаша қарайтын қарапайым ана келбеті көз алдымызға келіп тұра қалады. Ол – асылдың сынығы. Ол – әлемнің анасы, қазақтың анасы, Тайлақтың анасы. Ол – әзиз ана бейнесін ел жадына мәңгілікке жазып кеткен дара тұлға. Оның ғибратты ғұмыры өзгеге өнеге.