Бекзат Саттарханов – биікке қол созған, алысқа көз жүгірткен жеңімпаз.

Тура 39 жыл бұрын, яғни 1980 жылдың 4 сәуірінде жойқын соққы иесі, былғары қолғап шебері Бекзат Саттарxанов дүниеге келді.

Бекзат – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы, І дәрежелі «Барыс» орденінің тұңғыш иегері атанған қазақ боксшысы.

«Хабар» Агенттігінің бастамасымен қолға алынған боксшы жайлы фильмнің түсірілімдері аяқталды. Автобиографиялық драмада Бекзаттың балалық шағынан өмірінің соңғы сәтіне дейін кешкен жеңіске толы ғұмыры суреттеледі.

Аққан жұлдыздай жарқ етіп, ерте сөнген ел мақтанышының бейнесі «Бекзат» фильмінде қайта жаңғыртылмақ.