«Ұшқын» кинофестивалі халықаралық деңгейде өтті
Студенттер арасындағы ІІ халықаралық «Ұшқын» кинофестивалі қазақ даласында дабыл қақты. Осы атаумен 2-ші рет өткізіліп отырған іс-шара халықаралық деңгейде ұйымдастырылды.
Қазылар алқасының төрағасы, Еуропалық киноакадемия мүшесі профессор Джованни Роббиано, ресейлік кинооператор Сергей Ландо, қырғыз кинорежиссері Эрнест Абдыжапаров сынды сыншылар фестиваль деңгейі және студенттердің жұмыстары туралы оң көзқарасын білдірді.
Әр мемлекеттен іріктеліп, сұрыпталып келген туындылардың әрқайсысының өзіне тән табиғаты, өзгешелігі бар. Жастықтың қиялы ұшқын шашқан кинофестиваль өз мәресіне жетіп, үздіктер анықталып, жүлделі орындар табысталды.