«Ерке Есілдің самалы» қысқаметражды фильмінің түсірілу барысы

Зергерлік өнерді пір тұтқан Ален мен байкер қыз Зеренің махаббат оқиғасы сырлы сезімге, тылсым табиғатқа толы. Сан мың жылдар бойы атадан балаға мұра болып жеткен әшекей бұйымдарын зерттейтін Ален үшін өнердің орны бөлек. Жаңа өмірге аяқ басуды қалаған жігіттің ұсыныс білдіріп, қалыңдығына тарихи жүзікті сыйға тартуы да сондықтан. Ниеттері үйлескен екі жас Есілдің самалындай ерке сезімнің жетегінде жүргенмен, Зеренің арманы – Испанияға кету. Ал Ален өнерге деген өз сертіне берік. Махаббат хикаясы одан әрі қалай өріледі? Қыз бен жігіттің шешімі бір жерден шықты ма? «Ерке Есілдің самалы» қысқаметражды фильмінде!

#ЕЛАРНА #ЕркеЕсілдіңCамалы #Қазақшакино