Кинорежиссер, жазушы Сатыбалды Нарымбетов
Кепка, мойынорамал, торкөз көйлек, үлкен көзілдірік. Оның бейнесін басқа біреумен салыстыру мүмкін емес. Ол сүт қатқан ыстық шайды ұнатады. Ол Қазақстандағы «Оскар» комитетіне басшылық етеді. Әдебиет оң қолы, ал кино сол қолы. Ол қазақтың жаңа киносының кіндік әкесі. Киноматографияның корифейі – Сатыбалды Нарымбетов.