«Қаржыгер» фильмі

«Қаржыгер» көркем фильмінің мазмұны – қызмет, биржа мен қаржы, алып-сатарлыққа қатысты. Мұнда брокерлер Руслан мен Таирдың хикаясы, олардың мансап жолында көптеген сынақтарды бастарынан өткергені көрсетіледі. Фильмде жұртшылыққа «Жаужүрек мыңбала» арқылы танылған Асылхан Төлепов ойнайды. Ол бұл жолы басқа қырынан танылады.