Актер Азамат Есқұлов

Азамат Жұмабайұлы ЕСҚҰЛОВ – Жастар театрының актері. 1 наурыз 1981 ж. Алматы облысы Жаркент ауданы Ақжазық ауылында дүниеге келген.

 

Театрдағы рольдері:

- Н.Гоголь «Ревизор» /трагифарс/ – Артем Филиппович (Земляника) (режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай);

- У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/ – Баптиста (режиссерлері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай, Бекболат Құрманғожаев, Дәурен Серғазин);

- Н.Оразалин «Шырақ жанған түн » /лирикалық драма/  – Сағын (режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай);

- Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев «Шыңғысхан» /әфсана/  – Қаһар (режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай);

- С.Раев «Меккеге қарай ұзақ жол» /әфсана/ –  Ересек (режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай);

- Т.Миңнуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» /комедия/  –  Ғалым (режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай);

- Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Қожа (режиссерлері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай, Дәурен Серғазин);

- С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар...» /драма/ – Военком (режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай);

- Халық ертегісі «Ұр тоқпақ» /ертегі/ –  Шал (режиссері – Бейбіт Құсанбаев);

- Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Король (режиссері – Бейбіт Құсанбаев);

- В.Орлов «Алтын балапан» /ертегі/  – Қасқыр (режиссері – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);

- Н.Оразалин «Аққұс туралы аңыз» /ертегі/ – Тоқтамыс (режиссері – Дәурен Серғазин);

- С.Қасымбек «Лифт» /психологиялық драма/ – Еркек (режиссері – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері).

 

Кинодағы рольдері:

- 2008 ж. «Қалжа» фильмі – Оралман бала (режиссері – С.Сраилов);

- 2009 ж. «Қанталапай» фильмі – Милиция

- 2015 ж. «Өмір сабақтары»: «Ақылды әйел» – Серік (прдюсері – Б.Ибрагимов)