Актер, режиссер Болат Қалымбетов

Болат Нұрғалиұлы Қалымбетов (1956 жылы 20 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында туған) - актер, кинорежиссер. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1998). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Өнертану ғылымдарының доценті. Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.
Қалымбетов 50- ден астам киноға ("Раушан", "Менің ағай", "Даладағы қуғын", "Адамды қабылдаңдар", "Ауылым Алатаудың баурайында", тағы басқа) түскен. Өзі де кинофильмдер ("Тамшы" 1989, "Айналайын" (1990), "Соңғы суық" (1993), тағы басқа) түсірді.

Марапаттары:
- 1984 жылы КСРО Киноматографистер одағының мүшесі.
- 1990 жылы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
- 1998 жылы Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі" құрметті атағымен марапатталды.
- 2009 жылы Елбасының жарлығымен "Құрмет ордені" мен марапатталды.
- Өнертану ғылымдарының доценті.
- 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы ҚР Президентінің жарлығымен Парасат орденімен марапатталды.