Ядролық технологиялар. «Labs.kz»
Қазақстан — ядролық қарудан бас тартқан бірегей мемлекет, бейбітшілік пен бітімгерлікті ту еткен ғажайып мекен. Бірақ, барлық уақытта осылай болған деп айта алмайтынымыз өкінішті. Иә, тәуелсіздік алған алғашқы жылдары біздің еліміз ядролық әлеуеті жағынан әлемде төртінші орында тұрған. Біздің ядролық қаруымыз болды. Оны қолдануға, сынауға арналған инфрақұрылымымыз да бар еді. Жас мемлекеттің Тұңғыш Президентінің алғашқы жарлықтарының бірі, ядролық қарудан бас тарту болды. Осылай, Семей полигоны жабылды.
Бағдарламаға қатысушылар: Виктор Глущенко, кешенді экологиялық зерттеулер орталығының басшысы; Павел Харкин, институттың зертхана жетекшісі; Асхат Бекбаев, ядролық физика институтының ғалым хатшысы; Данияр Жансеиітов, Ядролық физика институты бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары;