Бие сүтінен жасалған шоколад. «Labs.kz»

Құрамына қант қосылмайтын шоколад толықтай табиғи таза әрі адам ағзасына пайдалы. Қазақ тағамтану академиясының мамандары ойлап тапқан шоколодтың құрамында транс май қышқылдары, қаныққан майлар мен холестерин жоқ. Жасалуы жағынан бұл жаңа технология қолданылады. Бұрынғы технологиялардан басты айырмашылығы: шоколад құрамына емдік және профилактикалық қасиеттерді жақсартатын ингредиенттермен бірге құрғақ бие сүті қосылады.

Спикерлер: 

Юрий Синявский, Тағам биотехнологиясы және мамандандырылған тағам өнімдері зертханасының жетекшісі;

Манат Келдібеков, «Ғылым қоры» АҚ жоба дирекциясының директоры;

Айман Мақұлбекова, технолог маман.