«Үлкен экранның құпиясы» бағдарламасы. Сәбит Құрманбеков
1960 жылы 1 қыркүйекте Талдықорған облысы Қарабұлақ ауданы Шұбар ауылында туған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының көркемөнер факультетін (Мәскеу қаласы, 1990) бітірген. 1980 жылдан «Өнер» Алматы көркемөнер комбинатының безендіруші-суретшісі болған. 1986 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестігінің фильмдерін түсіруге қатысқан. 1990 жылдан бері Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестігінің (қазіргі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) қоюшы суретшісі.
«Полторы штуки» (1987), «Соңғы аялдама» (1989), «Сұржекей - Өлім періштесі» (1991), «Кардиограмма» (1995), «Ақсуат» (1998), «Три брата» (2000) және тағы басқа фильмдердің қоюшы суретшісі. «Соңғы көш» деректі фильмінің режиссері.
ҚР Кинематографистері одағының мүшесі (1992 жылдан).