«Үлкен экранның құпиясы» бағдарламасы. Игорь Вовнянко

«Үлкен экранның құпиясы» бағдарламасы. Өнерге еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, оператор, режиссер, драматург Игорь Вовнянко бала кезінен өнерге, киностудияга әуес болады. Осылайша ол "Қазақфильмнің" құрастыру түсірілім цехына ассистент көмекшісі болып қызметке орналасады. Кейін Ш.Аймановтың қолдауымен Мәскеуге оқуға барады. Оқып жүріп, көптеген сериал түсіруге қатысады. Оқу бітірген соң "Қазақфильмге" қайта оралады.