«Үлкен экранның құпиясы» бағдарламасы. Тасболат Мерекенов
Қазіргі нарық заманында кино өндірісіне мықты продюсерлер ауадай қажет. Ал мықты продюсерге диплом ғана емес, бойында алғырлық, іскерлік қасиеті басым болғаны жөн. Біз бүгін 40 жылдан астам уақыт «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеп келе жатқан продюсер Тасболат Мерекенов туралы айтқымыз келеді. Бала Тасболат мектепке жүйрік, алғыр, сосын тілге шешен болған. Әңгіме де жазған. Футболды жаны сүйетін. Және бір қызығы, мектеп алаңында кинокөрсетілім ұйымдастырып жүрген. Мектепті бітірген соң политехникалық институтқа екі рет құжат тапсырады. Бірінде жолы болмайды, ал енді біреуінде оқуға түскенімен жаны қаламайды. Әскерден келген соң ауылшаруашылық институтына оқуға түспекші болады. Алайда бала арман орындалып, кино саласына мойын бұрады. Бүкілодақтық мемлекеттік киноматография институтының экономика факультетінің студенті атанады. «Қазақфильм» киностудиясын алғаш 1975 жылы көреді. 3-курс студенті осы киелі шаңыраққа өндірістік тәжірибеден өтуге келеді. Сол кезде ол осы қара шаңырақтың келешекте екінші үйіне айналатынын білді ме екен?