«Өнер әлемі». «Гонка» фильмі, «Жан дауысы», «7+1» драмалары
Қарағандыда «Гонка» толықметражды фильмі түсірілді. Түркістанда «Махаббат мұнарасы» атты музыкалық пьеса көрсетілімі өтті. Петропавлда Семей полигонының 70 жылдығына орай түсірілген пьеса көрерменге жол тартты.
Нұр-Сұлтан қаласында американдық жазушы Кен Кизидің «Көкек ұясының үстімен ұшып бара жатып» туындысы желісінен құрылған «7+1» қойылымы көрермен қатарын таңғалдырды.
Ал Павлодардағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық драма театрында Карло Гольдонидің «Венециандық егіздер» пьесасы бойынша спектакль көрсетілді.
Сонымен қатар бағдарламада қазақстандық фильмдердің алдағы алғашқы көрсетілімдері туралы айтылады.