«Абылай ханның арманы» тарихи драмасы (Думан Рамазан)

«Абылай ханның арманы» - Абылай ханның жоңғар тұтқынына түскен кезінен басталады. Абылай ханның қазақ халқын өмір өткелегінен қалай аман-есен алып шыққаны баяндалады. Ұлы ханның көшбасшылық қасиетімен бірге, адами болмыс-бітімі, сарабдал қайраткерлігі, сұңғыла саясаткерлігі, асқан ақыл-парасаттылығы, ержүрек батырлығы жан-жақты қырынан ашып көрсетіледі.

#Еларна #Абылайханныңарманы #тарихидрама