«Күлше қыз» спектаклі
«Күлше қыз» ертегісі – театр сүйер көпшілікке бұрыннан таныс әйгілі ертегі. Ондағы айтылатын ой мен өтетін оқиға жас көрерменнің көңілін елітіп, қиялына қанат бітіретіні сөзсіз. Анасынан ерте айырылған Күлше қыздың өмірі бірде аянышты болса, енді бірде ғажайып оқиғалармен алмасып отырады. Оның өгей шешесі мен одан туған екі әпкесі әртүрлі қисынсыз әрекеттерімен Күлше қызды тек үй жұмыстарына салып қойғысы келеді. Алайда, бақ та, бақыт та маңдайыңа жазылған болса, оған кедергі болатын күш-қайрат жоқ. «Күлше қыз» ертегісі осындай ойлардың, ақ пен қараның, шындық пен қиянаттың арасындағы қақтығыстарды суреттеп, көрерменді тағдырдың тылсым жолдарында өтетін таңғажайып оқиғаларға қарай жетелейді.
#Еларна #Күлшеқыз #ертегі