Таңғажайыптар әлемі немесе сиқырлы ойыншықтар. «Өміршең өнер туындылары»
«Көпшілік жақсылық күтетін, адамға жаңа үміт сыйлайтын ғажайып мерекенің негізгі символдары да сиқырға толы»-дейді біздің кейіпкер... Иә, ол жер беті Ақ жақұттай ұлпа қарға оранатын, кіршіксіз тазалық пен нәзіктіктің мезгілінде келетін бұл мейрамды бала кезінен ұнатады... Мәңгі жасыл ағаш- шыршаны безендіріп, сыйластық , жарастық орнаған орта –отбасымен бірге уақыт өткізуге асығады. Оның пайымдауынша,кеңес үкіметінде болған оқиғалар қоғамның барлық салаларына әсер етті, Әрине,шырша ойыншықтарын жасау ісін де айналып өтпеген. Цирктің дәурені жүріп тұрғанда, құралайды көзге атқан мергендер, түйе палуандар, желмен жарысқан желаяқтар формасындағы ойыншықтар шығарылды. Белка мен Стрелканың саяхатынан соң, яғни, 1960-шы жылдары жасыл шыршаға ғарыш, зымыран және ғарышкер формасындағы ойыншықтар іліне бастады. Иә, осы "Ғарыш" тақырыбына арналып шығарылған ойыншықтардың бірі - "Айдағы адам". Картоннан жасалған бұл жәдігер біздің кейіпкеріміздің де топтамасында бар. Коллекционерлер арасында «Дрезден Картонажы» деп атайтын шырша ойыншығының түрі Ресейде 19 ғасырдың соңы 20 ғасыр басында пайда болған екен.