Төсбелгілер топтамасы. «Өміршең өнер туындылары»
Төсбелгі - тұнған тарих. «Зер салсаң санаңды сілкіп, ойдан ойға жетелейтін жәдігер», - дейді Қайырбек Рамазанов. Оның топтамасы 20 мыңнан асатын төсбелгі түріне толған. Патшалық Ресей, Кеңес Одағы мен Егеменді Қазақстанның түрлі кезеңдері мен айтулы күндерін айшықтайтын туындыларды, медаль, әр елдің түрлі көлемдегі төсбелгілерін көзінің қарашығындай сақтап жүр. Өзіне берілген атақ-даңқ болмаса да, өзгелердің белгісінің өміршең болуына саналы ғұмырын сарп еткен. Әуесқойлыққа жас кездегі намысқойлық түрткі болыпты.
Бағдарлама қатысушысы: Қайырбек Рамазанов - коллекционер