Фотоколлекционер. «Өміршең өнер туындылары»
Коллекционерлер бір ұлттың кешегісі мен бүгіні, бүгіні мен болашағының арасындағы алтын көпір. Жас коллекционер Аманат Сейілхан фотосуреттерге әуес. Жәдігерлерді альбомын толтыру үшін емес айтар ойы мен тарихи ерекшеліктеріне орай жинайды. Оның айтуынша қолындағы мыңнан аса фото суреттің барлығы XIX-XX ғасырдағы қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, мәдениетінен сыр шертеді. Аманат ата-бабасының жүріп өткен жолы, салт-дәстүрі, ұлттық құндылығының аманатын арқалап жүрген жас коллекционер. Оның жәдігерлерінің дені Ресей империясы кезінде қазақ жеріне жүргізілген ғылыми жұмыс, зерттеу кезінде түсірілген құжаттамалар. Мұның барлығы әлемнің әр түпкірінде шашылып жатыр. Аманаттың мақсаты оның барлығын жинап, өз тарихымызды түгендеу.
Бағдарламаға қатысушылар: Аманат Сейілхан, коллекционер Амандық Бектұрғанов, коллекцонер